Құрбан айт — мұсылмандардың ұлық мерекесі.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде «Раббың үшін Құрбан шал» атты акциясы өткізілді.
Аллаһ разылығы үшін ҚР Түркия елшілігінің өкілдері қордың тізімінде тұрған 70-тен астам мұқтаж отбасыларға құрбандық етін таратты. Бұл іс- шара Түркия елшілігімен бірге бірнеше жылдар бойы жалғасып келеді.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.
ҚР Түркия елшілігін Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз, алғысымызды білдіреміз. Жасаған ізгі амалдары қабыл болсын!
Астана қаласының «Зекет» қорының баспасөз қызметі