«Мектепке арналған шаш үлгісі»

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

27 тамыз күні орталығымызда «Мектепке арналған шаш үлгісі» атты акциясы өтті
«Білім күні» қарсаңында ерікті кәсіби шаштараздар — ұлдар мен қыздарға арнайы мектепке арналған шаш үлгісін жасады.
Кәсіби мамандар ұйымдастырылған іс-шара барысында өз жұмыстарын тыңғылықты атқарып, қарапайым шаш үлгілерінен бастап қиын түріне дейін жасап, шаштараздық қызметтерін орындады.
Мектепке арналған жаңа шаш үлгісі ол — тамаша көңіл күй, көрсетілген қамқорлық және де кішкене ғана жақсылықтың бір бөлшегі.
Бұдан бөлек балаларға тәтті сыйлық таратылды.
Бұл шараның ең басты мақсаты – адам бойындағы мейірімділік қасиетін ояту, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.
Бірнеше жыл бойы алтын уақыттарын бөліп, осындай игі іс-шараны ұйымдастыруға ат салысып келе жатқан ерікті шаштараздарға алғысымызды білдіреміз.