АРАПА КҮНІ КҰТТІ БОЛСЫН!

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Арапа — дініміздегі қасиетті күндердің бірі.

Бұл күні Алладан көбірек кешірім тілеп, біліп және білмей жасаған күнә-қателіктеріміз үшін тәубе етудің де маңызы зор. Өйткені, әзірет Әли: «Алла тағала дәл Арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді», — деп жеткізгені мәлім.

Арапа күні жасалатын ең ізгі істердің бірі — ораза ұстау. Бұл күні ораза тұту, бір жағынан, нәпсі тәрбиесі үшін маңызды болса, екінші жағынан, сауабы да ұшан-теңіз. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл туралы былай деген: «Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады».