Жетім көрсең, жебей жүр

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса,
қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» (Имам Ахмад)

Бұл Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ .

Ата-ана қамқорлығынан ада болған алпыстан аса бөбек осы мекемеде тәрбиеленуде.
«ҚМДБ зекет қоры» корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша филиалы қызметкерлері аталмыш мекемеге барып, бүлдіршіндердің хал-жағдайы жайлы біліп келді.

Мұндағы балалардың бәрі де ерекше күтімді талап етеді. Әр бала белгілі бір дертке шалдыққан. Сол себеп бұл мекеме жабық мекемелер қатарына жатады.
Жас ерекшеліктері мен денсаулық ерекшеліктеріне орай балалар топтарға бөлінген. Гидроцефалия, микроцефалия, Даун синдромы, дцп (балалар сал ауруы) сияқты аса ауыр дерті бар балақайларға арналған топта 10 бөбек тәрбиеленуде. Жатын орындары, ойын алаңы, балаларға білім беріп, дамытуға қажетті жабдықтың бәрімен қамтылған.
«Зекет» қоры балаларға базарлық ретінде тәтті мен жемістер тарту етті, сонымен қатар 23 бума жөргекті табыстады.

Пайғамбар (с.а.у) өсиеті мен ата-бабамыз салған жолды ұстанып, жетімді көрсек, жебей жүрейік, ағайын.