Алтын алқалы анаға тосын сый.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Алтын алқалы анаға тосын сый» — «Зекет» қоры Астана қаласы өкілдігінің тұрақты жобасы аясында кезекті кездесуі өтті.
Осы жолы алтын алқалы анамыз — Алуа Кузаирова. Жеті баланың анасына ілтипатын білдіру үшін Нұр Астана мешітінің ұстазы Динара Нургалиева келді.
Сондай-ақ елордамызға қонақ болып, қорымызды зиярат еткен қонақтарымыздың бірі — Маржан Садуақасова. BY PRODUCTION компаниясының PR директоры, танымал журналист.
«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз хатшысы Назерке Сұлтанбек те қадірлі қонағымыздың бірі болды.

Динара Ұстаз ұлағатты уағызын айтып, қонақтарымыз бас кейіпкеріміз Алуға ықыласын білдірді.

«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деген асыл сөзге амал етіп, жеті балаға өмір сыйлап, тәрбиелеп отырған анадан алар үлгіміз мол.

Алла Тағала қазағымыздың санын арттыра берсін! Әр шаңыраққа береке мен бақыт бұйырсын.

«Зекет» қорының баспасөз қызметі.