Жетім көрсең, жебей жүр

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Имам Ахмад (р.а.) жеткізген хадис шәріпте ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады», – деген.

Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі бүгін Рамазан айының құрметіне жетімдігімен қоса ауыр дертке шалдыққан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырды.

Ата-ана мейіріміне зәру балақайлардың мұңды көздері сол кішкене уақытқа болса да шатыққа толып, жүздеріне күлкі ұялады.

Арнайы шақыртылған аниматорлардың ойыны мен әндеріне белсене қатысып, дән риза болды.

Шараның соңында «Зекет» қорының діни сарапшысы Бағзат Ақжолов балалар мен тәрбиешілерге жылы лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Балақайларға келесі кездескенше демес бұрын, арнайы тапсырыспен пісірілген тортты табыстадық.

Осы шараға белсене қатысқан әр бір қайырымды жанға Алланың разылығы болсын!

Қасиетті Рамазан мүбәрәк болсын, ағайын.