Садақаның пайдасы жайлы бірер сөз

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Аз болса да, көп болса да садақа беруді ұмытпаңдар.

Себебі ол он жерде мадақталған. Бесеуі – осы дүниеде, ал қалған бесеуі – ақіретте.

Дүниедегісі:
1) Садақа берумен мал тазаланады;

2) Садақа берумен күнә кешіріледі;

3) Садақа ауру,пәле-жаланы қайтарады;

4) Садақа берумен кедей міскінді қуантасыз;

5) Садақа берумен малдың берекеті кіреді;

Ақіретегісі:

1) Садақа қияметтегі аптапта иесіне көлеңке болады;

2) Садақа берген есеп-қисаптан жеңіл өтеді;

3) Садақа мизам таразысында ауыр тартады;

4) Сираттан өтуге рұқсатнама болады;

5) Жәннаттағы дәрежесін өсіреді.

🔴Садақаның сегіз түрлі шарты бар.

Олар:
1) Садақа адал малдан берілуі тиіс;

2) Мал-дүние аз болса да беру керек;

3) Уақыт өтіп кетеді деп беру, асығу;

4) Сараңдықты кетіру мақсатында садақаны малдың жақсырағынан беру

5) Риадан қорқып, оны жасырын беру;

6) Сауабын жоғалтудан қорқып, міндет етпеу;

7) Тек Алла ризалығы үшін сауап алу ниетімен беру;

8 ) «Байлықтан бердім, мұқтаждық алды» деген ниеттен аулақ болу. Керісінше, беруге сіз мұқтажсыз.