КӨМЕККЕ ЗӘРУ ЖАНҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗЫҢЫЗ

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мұқтаждықтан қиналып жүргендерің қажеттілігін өтеу мақсатында елордамыздың азаматтары көмек қолын созудан тайынбайды.

Бүгін Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде сондай жанашыр жандардың алып келіп, садақа ретінде табыстаған киім-кешек, аяқ киім, балалар киімі мен кітап, ойыншық сынды заттары мұқтаж отбасыларға таратылды.

Жарты құрмамен болса да садақа жасауға өсиет еткен Пайғамбарымыздың (с.а.у) жолын ұстанған жамағатымызға АЛЛА тағала разы болсын.

Зекет-садақаларыңыз қабыл болсын.

Сонымен қатар, қадірменді ағайын, «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде бүтін, таза киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ қабылданады.
Тағдырдың тауқыметін шегіп жүрген мұқтаж адамдардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына үлес қосып, сауапты амал жасауға шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Абай даңғлы 3\2.

Байланыс телефонымыз: 8 775 622 5170