Жақсылыққа шақырамыз!

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Жақсылықтың сыйы тек жақсылық қана емес пе?» (Құран Кәрім, «Рахман» сүресі 60-аят)
Алланың әмірінде шек бар ма?
Бүгін бір ғажайып жағдай орын алды.
Қорымызға есту аппараты керек деп егде жастағы Нина әже келді. Күйеуі мен баласы дүние салған, өзінің жасы жетіп, есту қабілеті төмендеп жүргенін көзіне жас алып айтып берді.
Бір бет қағазға жағдайын баяндап, жазып алып келген еді. Әйтеуір бір күні көмек бере алсаңыздар деп өтінішімді тастап кетуге келдім деді.
Әже келмес бұрын бір ізгі ниетті жан құлағының мүкістігі бар жанға деп әлгіндей аппараты сыйлап кеткен болатын. «Осыған мұқтаж жан болса, табыстарсыздар» деп аманат етті де тастап кетті.
Көп ұзамай әжеміз келді. «Бұйырған қашпайды» деген сөз бар. Есту аппараты әжейге нәсіп болды.

Құрметті оқырмандар!
Осы орайда өзіңізге керегі жоқ, бірақ әлі де қолдануға болатын, сәні кетсе де, сыны кетпеген киім-кешек, үйге қажетті мүлік, көрпе-төсек, балаларға ойыншық пен кітаптар болса, «Зекет» қоры қабылдап, аманатыңызды мұқтаж жандарға табыстауға әзір.

Мекен-жайымыз Абай даңғылы, 3\2.
Телефон:8 775 417 19 12