ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«…Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның мен жақ». (Құран Кәрім, «Лұқман» сүресі, 14-ші аят)

Корпоративтік «Зекет» қорының Астана өкілдігінде тұрақты түрде ай сайын өтетін «Алтын алқалы анаға тосынсый» жобасының аясында кезекті кездесуі өтті.
Жобаның мақсаты «Алтын алқа» иегеріне материалдық әрі рухани қолдау көрсету, ілтипатымызды білдіріп, ықыласымызды көрсету.

Осы жолғы қонағымыз — Тастанова Құндыз. Жеті баланың анасы, әрі бір баланы асырап алған Құндыз ханым үшін ақ дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. Бұл ананың өзге аналардан жағдайы сәл басқаша — жуырда 9 жасар кішкентайына қатерлі ісік диагнозы қойылды. Ананың қорқынышы мен уайымын бөлісуге әрі демеу көрсетіп, қолдау жасау үшін ақ жаулықты қажы апаларымыз, Әзірет Сұлтан мешітнен Аягөз ұстаз және жобамызды қолдауға дайын жанашырларымыз келді.
Қонақтар Құндыз ханымға жылы лебіздерін білдіріп, медет болар сөздерін арнап, балаларына деп сыйлықтарын ұсынды.

«Зекет» қорының баспасөз қызметі.
Астана қаласы.