«Тайқазан» жобасы жалғасуда

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Сонсоң (олардың кім екеніне қарамай) жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жолаушыларға, қайыршыға садақа бергендер және құлдарды азат етуге шын ниеттерімен көмегін аямағандар, намаз оқу, зекет беру, уәдеде тұру, кедейлікке, кемтарлыққа және (Алла үшін) күреске шыдау, міне, осылар нағыз ізгілік» (Бақара сүресі, 177-аят)
 
Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі кезекті рет «Тайқазан» жобасы аясында елордамыздың мұқтаж отбасыларына азық-түлік себетін табыстады.
 
Әр бір себетте көкөністер, ұн, жарма өнімдері, ет өнімдері, сұйық май, макарон өнімдері, тосап пен шәй бар. Жалпы салмағы 40 килограммнан асады.
 
Бұл жоба тұрақты түрде өтіп, ай сайын жетім мен жесірлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға демеу көрсетіледі.
 
Сонымен қатар, қаламыздың тұрғындары алып келіп, табыстаған киім-кешек, аяқ киім, балаларға ойыншықтар, кітаптар көмекке зәру жандарға таратылды.
 
Мейірімділік таныту — мұсылманның сипаты. Мұқтаждыққа тап болғандарға көмек қолын созып, игілік жасап, Алланың разылығына асығушы әр бір жанның ниеті қабыл болсын.