«Каз Снек Сауда» ЖШС өнімдері халал стандартына сай болды.

«Каз Снек Сауда» ЖШС кәсіпорыны ҚМДБ-ның «Халал» стандарты бойынша тексерістен өтіп, сертификатқа ие болды. Кәсіпорынның шикізаты мен дайын өнімдері арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы табыстады.streaming Dunkirk 2017

Аталмыш кәсіпорын 2009 жылдан бастап жеңіл тамақ нарығында өз өнімдерін өндіруде. Өнімдері Қазақстан аумағында кеңінен таралуда. Каз Снек Сауда кәсіпорыны өндіретін өнімдері келесідей: ТМ «Flint» қытырлағы, ТМ «Казахстанские №1» қуырылған дәні және күнбағыс жаңғақтары, ТМ «Big Bob» және «Jet» қуырылған тұзды пістесі, сонымен қатар ТМ «HROOM» картоп чипсиі.

Кәсіпорынның өндірістік аймағы Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 496 «а» мекен-жайында орналасқан.

islam.kz