«Алтын алқалы анаға тосын сый»

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Извините, этот техт доступен только в “казахский”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жетімі мен жесірін қараусыз қалдырмаған текті елдің ұрпағымыз ғой.

Бабаларымыздың аманат еткен дәстүрі мен өмірлік ұстанымдары қазіргі таңда жалғасын табуда.

Корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігі ай сайын «Алтын алқалы анаға тосын сый» жобасы аясында көп балалы, мұқтаж анады қонақ етіп, ақ дастарқан жайып, сый-құрметін көрсетеді. Жобаға қоғамымыздағы белсенді, азаматтық позициясы анық, жанашыр келіншектерді шақырып, кейіпкердің мұң-мұқтаждығын тыңдап, сырласуға тартамыз.

Әдетте қонақтарымыз ақыл-кеңестерін айтып, тығырықтан шығар жол сілтеп, қолдарынан келген рухани әрі материалдық көмек береді.

Кешегі өткен кездесуге бірден екі мұқтаж ананы шақырдық. Бірі — алтын алқа иесі, жеті баланың анасы. Ал екінші кейіпкер —  бір сәбиі аутизм дертіне шалдыққан төрт баласы бар ана.

Жобамызға қонақ ретінде Павлодар қаласынан ат терлетіп, баршамызға қымбат әрі сыйлы Қарлығаш ұстаз келген болатын. Сонымен қатар Нұр-Астана мешітінен Динара ұстаз да қонақтарымыздың қатарынан табылды. Әйгілі тележүргізуші, актриса Асель Акбарова, білім басқармасының психология кабинетінің меңгерушісі Айман Алкиқызы   және қоғамымызда өзіндік орны бар, көмекке зәру жанға медет бола алатын өзге де азаматшалар ат салысты.

Жобаның мақсаты — көп ұрпақты дүниеге әкелуді дәріптеу, сонымен қатар мейірімділік пен кең пейілділікті әлеумет арасында насихаттау.